Саясат Нұрбек: Елде педагогтерге сұраныс жыл сайын артып отыр
Елде 3 мыңнан астам мұғалім тапшы. Әсіресе колледж оқытушыларына қажеттілік басым.
Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек елде педагогтерге сұраныс жыл сайын артып отырғанын жеткізді. Оқу бітіретін түлектер мен магистратура тәмамдаған жас мамандардың есебінен алдағы 4 жылда кадр мәселесін толық шешу көзделіп отыр. Сондай-ақ сапалы әрі сұранысқа сай маман даярлау мақсатында педагогикалық оқу орнына түсушілерге талап күшейтілді. Елдегі 49 университет пен 5 педагогикалық институтта болашақ ұстаздар жоғары білім алады.
Саясат Нұрбек, ҚР ғылым және жоғары білім министрі:
- Педагогикалық ЖОО аккредитациялаудың стандарты және педагогикалық білімді модернизациялаудың тұжырымдамасы бекітілді. ЖОО оқытушысының сандарты қабылданды. Қазіргі сәтте жайлы мектеп жобасы ойынша педагогтарды даярлау жұмыстары жүргізілуде.
Елдегі демографиялық өсімге байланысты 2025 жылға қарай балабақшаларға 15 мыңнан астам тәрбиеші, бастауыш сыныптарға 14 мыңнан астам мұғалім қажет болады. Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев осыны ескере педагог кадрларын даярлауға бөлінетін мемлекеттік тапсырыс жыл сайын ұйғайтылатынын айтты.
Ғани Бейсембаев, ҚР оқу-ағарту министрі:
- Биыл педагогикалық мамандықтар бойынша 20 мыңға жуық түлек оқуды аяқтады және 24 мыңға жуық студент 1-курсқа қабылданды. Соңғы екі жылда жұмысқа орналасқан түлектердің үлесі артып келеді. Қазіргі таңда колледждерде мектептке дейінгі ұйымдарға қажетті 13 мың тәрбиеші және 15 мыңнан астам бастауыш сынып мұғалімі даярлануда. Биылдан бастап министрлік колледждерге қойлатын біліктілік талаптарын күшейтті. Атап айтқанда, кемінде 5 педагогикалық мамандық бойынша лицензияның болуын және бітірушілердің кемінде 90%-ын жұмысқа ортналастырылуын қамтамасыз етуі тиіс.