Қазақстандық мамандар Австралияның малдәрігерлік тәжірибесін зерттеді
Қазақстандық мамандар Австралияның малдәрігерлік тәжірибесін зерттеді.
Еліміздің Ауыл шаруашылығы министрлігі, өңір әкімдіктері мен агробизнес өкілдерінен құралған делегация Австралиядағы мал шаруашылығының электрондық жүйесімен танысты.
Австралияда ауыл шаруашылық жануарларын қадағалу жақсы жолға қойылған. Ол электрондық жүйе арқылы жүргізіледі. Осының арқасында аусыл, бруцеллез, сібір жарасы сияқты адам үшін қауіпті мал аурулары мұнда мүлдем кездеспейді. Елде ветеринарлық қауіпсіздікті қамтамасыз етуде мемлекттік органдар маңызды роль ойнайды.
Шон Миллер, Аделаида Университетінің профессоры:
- Бізде халықаралық эпизоотиялық бюрода тіркелген аурулардың жоқтығына қуанамыз. Менің ойымша, Австралия құрлық болғандықтан жануарлардың ауруларын бақылау оңай. Бұл үшін бізде барлық әдіс бар.
Қазақстан делегациясы сапар барысында жіті зерттеген саланың бірі осы мал дәрігерлігі. Себебі бұл елдің ауыл шаруашылық жануарларын бақылауда озық тәжірибесі бар. Мысалы, бүгінде Австралияның ірі қара малының барлық табыны электронды биркалаумен қамтылған.
Аманғали Бердалин, ҚР Ауыл шаруашылығы вице-министрі:
- Біз Австралияға келген сапарымызда біріншіден ветеринария саласын Қазақстанда қалай дамытумыз керек, бұның цифровизациясы бұл жерде қалай дамыған. Бізде тап осындай қазір үкіметтің тапсырамсымен цифровизацияны жасап жатқан жайымыз бар. Соның қандай жаңалығы бар екенін соны қарап жүрміз.
Аустралия 2025 жылға қарай барлық мал басын электрондық жүйеге енгізуді жоспарлап отыр. Жергілікті мамандардың айтуынша, мұндай жүйе ветеринария үшін өте маңызды. Өйткені мал ауырған жағдайда оны оңай оқшаулауға болады.
Шон Миллер, Аделаида Университетінің профессоры:
- Австралияда жеке және мемлекеттік ветеринарлық қызметтер арасында нақты айырмашылық бар. Жекеменшік ұйым маманы малды тексеруге және емдеуге жауапты және фермерлердің шақыруы бойынша жұмыс істейді. Ал мемлекеттік ветеринарлық қызмет Австралиядағы қауіпсіздікті қадағалауға және халықаралық нарықтардағы сұранысты бақылауға жауап береді.
Делегация саланы дамытудың басқа да мәселелерін пысықтады. Оның ішінде мал шаруашылығын тиімді дамыту әдістеріне көңіл бөлінді.
Аманғали Бердалин, ҚР Ауыл шаруашылығы вице-министрі:
- Жалпы Австралияда малды өсіру мәдениеті көп елге үлгілі. Соның біздер көріп отырғанымыз бір келі өзіндік құны Австралияда өте кішкене. Бүгін біздердің қарап жүрген мәселенің бірі өзіндік құнды малдың соны қалай төмендетеміз.
Австралияда мал шаруашылығы өнімдерінің бағасы толығымен нарыққа негізделген. Ауа райы жағдайына байланысты баға құбылып тұрады. Осы себепті шаруашылықтарды ірілендіру үрдісі байқалады.
Дәурен Ақашұлы