Шымкенттік оқушылардың пластикті ыдырату жобасы үздік деп танылды

Шымкенттік оқушылар Парижде өткен халықаралық гендік-инженерлік машиналар байқауынан олжалы оралды.

Химия-биология бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің жас зерттеушілері ұсынған пластикті жылдам ыдырату жобасы алтын медаль жеңіп алды. Экологиялық жоба гендік өзгеріске түскен бактериялардың көмегімен жасалды. Оқушылардың сөзінше, бактериялар Қазақстанның континенталды ауа райына бейімделген. Әлемдік сарапшылар ғылыми зерттеу жұмыстарының артықшылығын ескеріп, жоғары баға берді, - дейді топ жетекшісі.

Байқауда 66 мемлекеттен 350-ден аса команда қатысқан. Байқау тарихында қазақстандық оқушылар алғаш рет жеңіске жетіп, түрлі номинациялармен марапатталды.

Жанна Өтебаева, топ жетекшісі:

- 1 грамм бактериясы біздің жоспарымыз бойынша 80 грамм пластикті 1-2 сағат көлемінде ыдырататын шамасы бар. Халықаралық сарапшылар жалпы жоғары баға берді. Себебі оқушылардың теориялық білімін практикалық біліммен ұштастыруы, алған білімін қолдана алуы және өздері белгілі бір болжам жасау арқылы өздеріне дәлелдей алуы.