Алматыда студенттерге арналған үш жатақхана құрылысы басталды
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде әрқайсысы 1060 орындық үш жатақхананың құрылысы басталды.
Студенттер үйінің құрылыс жобасында заманауи оқу залдары, демалыс орындары, асхана, спортзал, тұрмыстық бөлмелер қарастырылған. Сондай-ақ, мүгедектігі бар жастарға арнайы 132 төсек-орын жобаланған. Жаңа жатақханалар келер жылдың соңында пайдалануға беріледі. Бұдан бөлек, тағы 12 жатақхана, 8 оқу корпусы бой көтереді. Оқу ордасының ректоры Жансейіт Түймебаев университет қалашығының даму жоспары кезең-кезеңімен жүзеге асырылатынын жеткізді. Бұл құрылыс жұмыстары алдағы 3 жылға жоспарланып отыр.
Жансейіт Түймебаев, Әбу Нәсір Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ректоры:
- Осылардың барлығы біткен кезде біз оқу білім-ғылым аласында өзіміздің студентерімізді, мұғалімдерімізді, жеткілікті жатақханамен, оқу корпустарымен қамтамасыз ететін боламыз. Құрылыс компаниясы жедел түрде қарқынды саламыз деп уәде беріп отыр. Келесі жылдың қараша айында бітіреміз деп уәде беріп отыр.
Әбдіғаппар Сәрсенбаев, құрылыс компаниясының директоры:
- Жоба бойынша жатақхана 9 қабатты, жертөлесі бар. 10-қабатта техникалық этаж қараcтырылған. Жобаны бекіту жұмыстары жүргізілу барысында заманауи жаңа технологиялардың, жаңа құрылыс материалдары, жаңа интерьерлік, жаңа дизайн үлгілері қарастырылып бекітілді.