Ұлытау облысында білім саласын дамытудың жол картасы жасалады
Ұлытау облысында 300-ден астам мұғалім жетіспейді.
Әсіресе ауыл мектептерінде маман тапшы. Салдарынан 87 мектептің 28-інде білім сапасы көңіл көншітпейді. Арнайы жүргізілген мониторинг қорытыныдысы осындай. Өңірде білім саласын дамытудың жол картасы жасалады. Бұл туралы Оқу-ағарту бірінші вице-министрі Наталья Жұмаділдаеваның қатысуымен өткен жиында айтылды. Құжатта саладағы өзекті мәселелерді шешудің нақты мерзімі белгіленеді.
Наталья Жұмаділдаева, ҚР Оқу-ағарту бірінші вице-министрі:
- Бүгін талқыға түскен мәселелердің 80%-і жергілікті жерде шешілуі қажет. Дегенмен Оқу-ағарту министрлігінің құзырына жататын сұрақтар да көтерілді. Ол құқықтық актілерге қатысты және тәлімгерлік жайында болды. Әрине, бұл сауалдар министрліктің ғана емес, үкіметтік деңгейде көтеріліп жүр. Сондықтан ол мәселелер біздің бақылауымызда болады.