Қостанай облысында төрт білім мекемесіне инклюзивті оқыту енгізілді
Қостанай облысында тағы төрт білім беру мекемесіне инклюзивті оқыту жүйесі енгізілді.
Үшеуі ауылда, біреуі Лисаков қаласында ашылды. Барлық кабинет заманауи құрал-жабдықпен қамтылған. Сөйтіп, ерекше қажеттілігі бар балалар ортаға бейімделіп, өз қатарласымен жақын араласу мүмкіндігіне ие болды. Инклюзивті оқытатын педагог, логопед, психологтар кәсіби біліктілігін көтерді. Күні бүгінге дейін сегіз мыңнан астам маман арнайы дайындық курсынан өтті. Өңірдегі 19 мектепте инклюзивті кабинет жұмыс істеп тұр.
Анна Лазарева, облыстық білім басқармасының баспасөз хатшысы:
«Инклюзивті кабинеттердің ауылды жерлерде пайда болуы жақсы үрдіске айналып барады. Коррекциялық қолдауды қажет ететін балалар аз емес. Сондықтан ондай кабинеттердің көбейіп жатындығы көңіл қуантады. Келер жылы бес инклюзивті кабинет, үш коррекциялық педагогика, психология орынын ашуды межелеп отырмыз».