Магистральный ауылында жаңа мектеп ашылды
Батыс Қазақстан облысы Магистральный ауылында жаңа білім ордасы есігін айқара ашты.
Мектепті салуға инвесторлар қаржысынан 871 миллион теңге бөлініпті. Мұнда 14 оқу кабинеті, 2 шеберхана, спортзал, кітапхана, акт залы, асхана бар. Бір сөзбен айтқанда, балалардың сапалы білім алуына барлық жағдай жасалған. Бұрын шәкірттер ескі бейімделген ғимаратта оқып келген еді. Жалпы биыл өңірде 27 мектептің құрылысы жүрсе, соның 17-і жыл соңына дейін тапсырылуы тиіс.
Орынша Бисенова, ауыл тұрғыны:
- Бүгін біздің ауылымызда үлкен той. Жаңадан салынған жайлы мектеп ашылуда. Халық болып, ата-ана болып қуанып жатырмыз. Мектеп жайлы, жылы, барлық жағдайлар жасалынған.
Аймангүл Жарасова, мектеп директоры:
- Бүгінгі көңіл-күйіміз өте жақсы. Ауыл тұрғындарына, ата-аналарға, оқушыларға, мектеп ұжымына ғимарат өте жақсы ұнап жатыр. Мектепте барлығы 114 бала оқиды екі ауысымда. Мектептің оқыту тілі екі тілде, қазақ және орыс тілдерінде.