Астанада мектеп-лицей жанынан жаңа ғимарат ашылды
Астанада Бауыржан Момышұлы атындағы мектеп-лицейі жанынан жаңа ғимарат ашылды.
Осы арқылы білім ордасына түсер жүктеме азайып, мекеменің үш ауысымды мәселесі шешілді. Салтанатты шараға ұстаздар, ата-аналар мен оқушылар қатысты. Ғимаратта 90 кабинет бар. Екі спорт залы, екі асхана, медицина, химия, биология, информатика, физика кабинеттері жабдықталған. Мектеп ауласында баскетбол, волейбол және футболға арналған спорт алаңдары жаңартылды.
Зәмзәгүл Қиянова, Б. Момышұлы атындағы 53 мектеп-лицейдің директоры:
- Біз өте қуаныштымыз. Себебі үш жыл бойы үш ауысымды мектеп ретінде білім алды оқушыларымыз. Балалардың білім алуында қиыншылықтар туындады. Біз ата-аналармен бірге хат жазып, қазіргі таңда қосымша ғимарат мың бала сиятындай екі ауысымға бөлініп, үлкен ғимарат ашылды. Мектепте 3600 бала оқиды.