Алматыдағы университетте бюджет қаражатын жымқыру анықталды
Алматы прокуратурасы Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінде бюджет қаражатын жымқыру фактілерін анықтады.
Жоғары оқу орнының қызметкерлері тұқым сеуіп, егіс алқаптарын өңдейміз деген желеумен 43,8 млн теңге ұрлаған. Бұл жәйт бойынша қылмыстық іс тіркеліп, сотқа дейінгі тергеп тексеру Медеу ауданының полиция бөліміне тапсырылды. Прокурорлық тексеру барысында бұдан бөлек, университетке тиесілі 8 миллион теңгеге жуық коммерциялық үй-жайларды жалға беру кезінде алаяқтық фактілері анықталды.
Нұрсұлтан Алдашев, қалалық прокуратураның өкілі:
- Бірқатар тұрғын үй емес үй-жайлар бар болған. Оларды заңсыз үшінші тұлғаларға жалға беру фактісі анықталды. Аталған қаражаттар үшінші тұлғаларға қолма-қол ақшамен аударылған. Осы факт бойынша қазіргі таңда Медеу ауданы Полиция басқармасымен ҚР ҚК 190-бабы, 3-тармағы 2-бөлімімен сотқа дейінгі тергеу жүргізіп отыр.