Білім – ырыс қазығы. Жайық Мақсұтов. Сұхбат
Қазір әлем жыл сайын емес, күн сайын өзгеріп жатыр.
Жаңа технологиялар, мамандықтар және салалар пайда болуда. Жұмысты ұйымдастырудың және басқарудың әдіс-тәсілдері қайта қаралуда. Осындай жағдайда жаңа кәсіби дағдыларды меңгеруге және озық білімін тиімді пайдалануға қабілетті жастардың рөлі арта түсетіні анық.
«Еліміздің түкпір-түкпірінде білім ошақтары, оның ішінде, «жайлы мектептер» бой көтеруде. Осы жұмыстың бәрі 2024 жылы да жалғасады», - деді Президент. Қазір қоғамдағы өзекті мәселенің бірі – ауыл мектептерінің білім сапасын көтеру. Білім саласындағы осы және өзге де мәселені қалай реттеуге болады?
Студия қонағы ҚР Оқу-ағарту министрлігі инвестициялық жобалар басқармасының басшысы Жайық Мақсұтов сауалдарға жауап берді.