Таразда құрылысы екі жыл бұрын басталған мектеп әлі күнге пайдалануға берілмеген
Таразда құрылысы 2 жыл бұрын басталған мектеп әлі күнге дейін қолданысқа берілмеген.
Ағарту ошағының ашылуы осымен 3-рет шегеріліп отыр. Соның салдарынан шағын аудандағы 180 бала басқа ауданға қатынап оқуға мәжбүр.
Мәселе неден туындап отыр? Жауапқа тартылғандар бар ма?
Казарма тұрғын үй алабына халық шамамен 20 жыл бұрын қоныстана бастаған. Содан бері шағын ауданда мектеп мәселесі шешілмей келеді. Білім бөлімі алғашқыда жеке үйді жалдап 4 сыныптық бастауыш мектеп ашты. Бірақ білім ошағы 4 жыл бұрын жабылып, енді оқушылар көрші аудандарға қатынап оқуға мәжбүр.
Болыс Сүттібаев, қала тұрғыны:
- Алыста болған соң сол развозкасы сосын кейін жаңағы шығарып салып күтіп алуы ғой жаңағы халықтың несіне. Кейбіреулердің шамасы бар кейбіреулердің уақыты жоқ. СКЛ Қыстың күні бар әрине қиындық болады. Жауын шашын бар жел бар.
Индира Сауранбекова, қала тұрғыны:
- Әрине өзіміздің тұрғылықты жерде мектебіміздің болғаны жақсы. Балалар әрине осы мектепті асыға күтуде. Үлкен әжелерміз де кішкентай балаларымыз да осы мектепте оқимыз деп бәрі осы мектепті қарап отыр. СКЛ Әр үйде 3-4 баладан.
Халықтың айтып отырғаны 180 орындық мына мектеп. Білім мекемесінің іргетасы қаланғанда мұнда қуанбаған адам қалмады. Бірақ құрылысы 2 жыл бұрын басталса да әлегі көбейіп әлі бітер емес.
Мерей Бает, тілші:
- Мына жаңа оқу ордасы өткен жылдың тамыз айында аяқталып, пайдалануға берілуі тиіс болатын. Бірақ құрылыс компаниясы үлгермегендіктен желтоқсанға дейін ашылуы шегерілді. Оның өзінде мердігер үлгере алмады. Ал мына жерде осы мектепті жылытатын қазандық болуы керек еді. Бірақ жылыту жүйесі әлі де салынбаған.
Жауыпты басқарма басшылығы нысан құрылысы, қаржының уақытылы бөлінбеуінен бірнеше рет тоқтағанын мәлімдеді. Ал қазандықтың жоқтығын аязбен байланыстырып отыр. Желтоқсанда келуі тиіс жылыту қондырғысы жол жабылғаны себепті, енді ғана жеткізілген көрінеді. Енді мектепті қаңтар айының соңына дейін пайлануға береміз, - деп уәде берді.
Әлібек Аманбай, облыстық құрылыс басқармасы басшысының орынбасары:
- Толық ақшасы былтыр бөлініп, сәуір айынан бастап тамыз айында бітуі тиіс еді. Енді бұл жерде мердігердің кінәсі бар. Өндіріс кестеден кешігуде. Оған байланысты біз келісімшартқа сәйкес өзіміз айыппұлымыз бар салынды. Жоба сметасы өзі 2020 жылы әзірленген болатын. Сол себептен құны бүгінгі құрылыс материалына сәйкес болмағаннан кейін сәл қиыншылықтар туындады.
Былтыр аймақта 46 білім нысанының құрысы жүргізілді. Сәулет-құрылыс бақылау басқармасынының басшысы 12 мектепте құрылыс сапасына байланысты мәселе туындағанын айтты. Мәселен Шу мен Тараз қаласындағы білім нысандарын салып бастаған компаниялар, кейін жарты жолдан тастап кеткен.
Қайрат Бисімбаев, облыстық мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасының басшысы:
- Тараз қаласындағы Асқаров массивіндегі 600 орындық орта мектептің құрылысы қабылданған ғой. Бірақ сол қабылдау процестері дұрыс жүргізілмегеніне байланысты құрылыс басқармасы басшысының орынбасары Әлібек Аманбайды жауапкершілікке тарттық. Мердігерді техникалық, авторлық қадағалаушылардың бәрін тарттық та, оларға нұсқама бердік қалпына қайтадан келтіру бойынша. Ондай факті біреу ғана емес.
Қадағалаушы мамандар мердігерлердің жобалық сметалық құжаттамадан жиі ауытқитынын айтуда. Сол үшін де былтын 2 құрылыс фирмасын лицензиясынан айырып, 17 техникалық қадағалаушының қызметі 6 айға тоқтатылды. Оған қоса құрылысты сапасыз жүргізген 18 компанияға ескерту берілген.
Мерей Бает, Бақытжан Бапаев, Елдар Байділдә