Волонтер зағип жандарға арналған кітап жазды

Тараздық волонтер аймақта алғаш болып Брайль шрифтімен комикс кітабын жазып шықты.

10 бөлімнен тұратын жинақ зағип оқырмандарға арналған. Мұқтарәлі Әбуәлі туындысын жазуға 10 ай уақытын жұмсапты. Ол мотивацияға толы туындысының 100 данасын, ерекше балаларға арналған мектеп интернаты мен зағип жандардың кітапханасына тарту етті. Жанарынан айырылған жандар мұндай сыйға дән риза. Жалпы аталған кітапханада бедерлі-нүктелі қаріппен жылына 30-ға жуық кітап жарық көреді. Бірақ арасында жасөспірімдерге арналған мұндай туынды жоқ.

Мұқтарәлі Әбуәлі, жинақ авторы:

- Ерекше жасөспірімдерге комикс бағытындағы кітаптар біздің елімізде жоқтың қасы. Сол себепті мен ерекше жасөспірімдердің бос уақыттарын тиімді пайдалану мақсатында және оларды қазақи ойлауға дәріптеу мақсатында осы жобамды жарыққа шығардым.

Ербол Бегімов, көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтар кітапханасының тифлоредакторы:

- Өте уақытылы келді.  Осындай комикс кітаптар брайль қарпінде бірінші рет келіп тұр. Бізден кейін өсіп келе жатқан зағип және нашар көретін балалар бар. Соларға өте пайдалы кітап.