Колледжде мемлекеттік тапсырыспен оқитындарға әлеуметтік көмек беріледі
Биыл қыркүйек айында колледждерде оқитын 300 мыңға жуық студенттің шәкіртақысы тағы 50 пайызға өседі.
Ал мемлекеттік тапсырыспен оқитындарға күнделікті тамағы мен жолақысы бойынша әлеуметтік көмек көрсетіледі. Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігінің өкілдері хабарлады. Естеріңізде болса, былтыр да Президент тапсырмасына сәйкес, колледждерде білім алып жүрген 250 мың студенттің стипендиясы 50 пайызға артқан еді.
Дархан Сатанов, ҚР Оқу-ағарту министрлігі департаментінің бас сарапшысы:
- Егер қазір орта буын мамандықтары бойынша оқитын студенттер 31 мың 422 теңге алып жүрсе, ұлғайтылған стипендия мөлшері 41 мың 896 теңгені құрайтын болады. Жұмысшы біліктілігі бойынша оқитын студенттердің стипендиясы 32 мың 681 теңгеден 43 мың 574 теңгеге артады.