Елімізде ғылымды дамыту жан-жақты жүргізіледі
Елімізде мемлекеттің ғылыми әлеуеті туралы барлық деректер шоғырланған біртұтас интеграцияланған және ақпараттық жүйе құру қажет.
Бұл туралы Алматыда өткен жиында Ұлттық ғылым академиясының Президенті Ақылбек Күрішбаев айтты. Салалық ғылым академиялары мен Қазақстан ғалымдарының кәсіби бірлестіктерінің өкілдері ғылыми-технологиялық даму бойынша бірлесіп жұмыс атқару туралы шешім қабылдады. Енді тәжірибелік жұмыстарға көңіл бөлінбек. Алдағы уақытта зерттеулерді, соның ішінде конкурстарды ұйымдастырудың жаңа форматы ұсынылады.
Ақылбек Күрішбаев, ҚР Президенті жанындағы Ұлттық ғылым академиясының президенті:
- Соңғы жылдары Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың қолдауымен ғылымда үлкен өзгерістер болып жатыр, біздің ғылыми саламызда. Ешқашан мұндай көмек болмаған. Енді біздің ғалымдардың, академияның, жалпы мемлекеттік органдардың міндеті – сол қаражатты тиімді жұмсау. Қазақстанның ғылымын тиімді деңгейге көтеріп, сол өндіріске жұмыс істеуіміз керек.