CANAAN CONVEY компаниясы Қазақстан блокчейн-технологиялар қауымдастығына мүше болды
Тараптар елордада бас қосып, тиісті келісімге қол қойды.
Шетелдік мамандардың пайымдауынша, Қазақстан Орталық Азия өңіріндегі негізгі криптохабқа айналуы мүмкін. Кездесуде цифрлық майнингке арналған жабдықтарды тиімді жаңарту мәселелері талқыланды. CANAAN CONVEY - блокчейн-серверлерді өндіруде әлемдік көшбасшылардың бірі. Мұндай ынтымақтастық Қауымдастық мүшелеріне және лицензиясы бар басқа да майнерлерге электр энергетикасы секторында шығыстарды оңтайландыратын техниканы сатып алуға мүмкіндік береді.