Мақсұт Нәрікбаев университетінің құрылғанына биыл 30 жыл

Тарихы 1994 жылдан бастау алатын Мақсұт Нәрікбаев университетінің құрылғанына биыл 30 жыл, деп хабарлайды 24KZ.

Осы жылдар аралығында университеттен 30 мыңға жуық кәсіби маман түлеп ұшты. Қазір осы түлектер елдің әр түкпірінде Қазақстан халқының игілігі үшін қызмет етіп жатыр.

Бүгін университет өзінің 30 жылдығына орай ауқымды жарыс ұйымдастырып жатыр. Бұл сайыста оқу орынның 4 жоғары факультеті өзара сынға түседі.  Аталған іс-шараның жүлде қоры – 5 000 000 теңге. Бұл шоуды 600-дей қатысуышымен қоса 5 мыңдай көрермен тамашалап жатыр.

Арман Пірзадаев, MNU басқарма төрағасының орынбасары:

- Бүгінгі біздің мерейтойымыз 14 наурыздан бастап жалғасып келе жатыр. Бір жағынан, әрине, Көрісу күні. Бір жағынан, университетіміздің туған күні. 14 наурызда университетіміздің ғимаратында біз салтанатты шарамен атап өттік. Бүгінгі шарамыздың бағдарламасында, әрине, қонақтарымыздың құттықтауы, түлектеріміздің ілтипат-лебіздері, көзге түскен, университетімізге еңбегі сіңген адамдарды марапаттаймыз.