Ғылым. Қазақ-қытай ынтымақтастығы артады

Қазақстан мен Қытай ғылыми ынтамақтастықты арттырады.

Қос елдің ғалымдары агро-биология, экология, ғарыш, жұқпалы аурулар сияқты ортақ проблемаларды шешуге күш біріктіреді.

Қазақ-қытай ұлттық ғылыми академиялары өзара келісімге келіп, меморандумға қол қойды. Бұл кейінгі 30 жылда алғаш рет жасалған стратегиялық қадам болып отыр. Тараптар кадр даярлау, тәжірибе алмасуға ерекше мән береді.

Келіссөз барысында қытай тарапы зертхана қызметкерлерінің білімін жетілдіріп, студент алмасуға ниет білдірді. Енді бұл бағытта ұзақтығы 3 жылдан аспайтын бірлескен жобалар әзірлеу жоспарланған.

Анар Мұратова, ҚР Президенті жанындағы Ұлттық ғылым академиясы орталығының жетекшісі:

- Жас ғалымдарды қолдау, ғылыми ортақ жобаларды әзірлеу және мына тағлымдамалардан өту. Әсіресе бұл біздің мамандардың қытайдың үздік ғылыми зерттеу орталықтарында өздерінің кәсібіи біліктілігін арттыруға бағытталған келіссөздер жүргізіліп жатыр.