Алматыда медицинаны өндіріспен байланыстыратын технопарк ашылды
Алматыда ғылыми-медициналық жобаларды коммерцияландырумен айналысатын технопарк ашылды, деп хабарлайды 24KZ.
Ол Санжар Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медициналық унивреситенінің жанынан құрылды. Технопаркте ғалымдардың жобаларын сүйемелдеу, өндіріске дейін жеткізу жұмыстары жүргізіледі. Онда 5 зертхана жұмыс істейді. Қолданбалы неврология, фармакопея, дата-орталықтардың жұмысы секілді бірқатар бағытта зерттеу жүргізеді. Сонымен қатар бизнес-инкубатор, технологияларды коммерцияландыру және пилоттық өнеркәсіптік өндіріс бөлімі болады. Қазір өндіріске енгізуге лайық делінген бірқатар медициналық өнертабыс іріктеліп алынды.
Марат Шоранов, С. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ ректоры
- 12 жаңағы ғылыми жобалар таңдалып, олардың коммерцияландыру потенциалы жоғары болып есептелген болатын. Сол себептен қазіргі ашылып жатқан мына технопаркіміз сол әрі қарай мынау ғылыми зерттеуден ақырғы мынау қолданушыларға дейін жеткізу үшін сол жұмыстардың бәрін атқаратын болады.