Зардап шеккен өңірлердегі оқушылар емтихан тапсырмайды
Эвакуациялық аймақтардағы мектеп оқушылары емтихан тапсырмайды.
Айта кетейік, су тасқыны кезеңінің зардаптарын жою жөніндегі республикалық штаб жұмысының аясында 88 білім беру ұйымында төртінші тоқсанды қашықтан оқыту басталған.
Оқу ағарту министрлігінің берген мәліметіне сәйкес, қазір апатты аймақтарда 3 мыңнан астам оқушы мен 600-ден аса мұғалім бар.
Нартай Аралбайұлы, Мәжіліс депутаты:
- Сондықтан менің қойған талабымның бірі – эвакуациялық аймақтардағы, эвакуациялық орталықтардағы оқушыларды толықтай сынақтардан, емтихандардан босату. Кеше премьер-министр аталған талапты ескергенін көрдік. Оқу ағарту министрлігіне тиісінше тапсырма берді. Эвакуациялық орталықтардағы, эвакуациялық аймақтардағы оқушылар толықтай емтиханмен сынақтардан босатылсын деді.