Жас ғалымдар форумы басталды

Елімізде ғылымды дамыту үшін 2023-2025 жылдарға арналған 643 млрд қаржы бөлінген.

Қазақстандық жас ғалымдар бүгінгі күні 727 жобаны іске асыруда. 2024-2026 жылдарға жас ғалымдардың зерттеулерін қаржыландыруға 18 млрд теңге қарастырылған. Бұл жөнінде Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек жас ғалымдардың халықаралық форумында қатысушыларға арналған бейнеүндеуінде баяндады. Астана медицина университетінің 60 жылдығын мерекелеу аясында ұйымдастырылған форумға Еуропа және Азия елдерінен келген шетелдік жас ғалымдармен 14 жоғары оқу орындарының студенттері қатысты. Ғылыми жобалардың презентациясына 40-тан астам өтініш түскен, олардың ең үздіктері анықталады.

Айдана Жәнібекқызы, форумға қатысушы:

- Бүгінгі форумда интелектуалды сурдо-аудармашы жобасын ұсындым. Біздің қазіргі қоғамда есту апаратында толық немесе белгілі бір дәрежеде кемістігі бар адамдар бар. Алайда олармен тұрақты өмірде тілдесу қиындықтар туғызып жатыр. Сол себепті біз интелектуалды сурдо-аудармашыны ойлап таптық.