БҚО-да оқушылар қашықтан оқиды
Батыс Қазақстан облысының Бөрлі, Бәйтерек, Теректі және Ақжайық аудандарының өзен жағасында орналасқан ауылдарында балалар онлайн оқитын болды, деп хабарлайды 24KZ.
Төтенше жағдай кезінде оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін осындай шешім қабылданды. Орал қаласындағы орта мектептер мен кәсіптік білім беру ұйымдары да қашықтан оқытады. Облыс орталығындағы 50 мектепте 61 мың оқушы білім алады. Оқу процесі Вilimland.kz және Daryn.online платформаларында ұйымдастырылады.
Эльмира Нұғманова, қалалық білім беру бөлімінің баспасөз хатшысы:
- Онлайн форматқа көшіру туралы шешім қабылданды. Онлайн осы белгіленбеген мерзімде, жағдай тұрақталғанша онлайн оқитын болады. Қазіргі уақытта эвакуациялық пунктердегі оқушылар үшін қажетті құрылғылармен қамтамасыз ету үшін жұмыстар жүргізіліп жатыр. Сондай-ақ үйдегі балаларға да қажетті құралдарын бар-жоғын анықтау жұмыстары жүргізіліп жатыр, егер жоқ болса, олар қамтамасыз етілетін болады.