Сарапшы: Ғалымдардың әлеуетін пайдалану керек
Ғылымды қаржыландырудың жалпы ішкі өнімдегі үлесін 1%-ке жеткізу керек. Қазір ол 0,13% деңгейінде.
Президент жанындағы Ұлттық ғылым академиясы пәнаралық ғылым орталығының директоры Қуантар Әлиханов осылай дейді. Оның айтуынша, өңірлерде қордаланған түйткілдерді шешу үшін билік пен ғалымдардың етене жұмыс істеуі маңызды. Яғни, ғалымдардың әлеуетін барынша пайдалану керек. Қазір Ұлттық ғылым академиясы жанындағы орталықта ауқымды жобалар қолға алынған.
Қуантар Әлиханов, ҚР Президенті жанындағы Ұлттық ғылым академиясы пәнаралық ғылым орталығының директоры:
- Академия тарапынан қазір 5 стратегиялық бағыт бойынша пәнаралық жобаның жұмысы басталып кетті. Бірінші пәнаралық жоба су ресурстары бойынша. Су ресурстарын тұрақты дамуы – ол жерде жерасты, жерүсті сулары, ауызсуы, ауылшаруашылық суды пайдалану. Тіпті сейсмологияның өзі соған барып тіреледі. Себебі жер астындағы суларға байланысты әртүрлі плиталардың қозғалуы, яғни сол тарапта мега жобаның техникалық тапсырмасы орындалып жатыр.