БҚО-да бірқатар елді мекенде сабақ онлайн оқытылып жатыр

Тасқын қаупіне байланысты Батыс Қазақстан облысының орталығы мен Ақжайық, Бәйтерек, Теректі, Бөрлі аудандарында білім беру ұйымдары қашықтан оқыту үрдісіне көшірілді.

Бұл аумақтар Жайық өзенінің бойында орналасқан. Педагогикалық кеңес шешіміне сәйкес, мектептер, колледждер мен қосымша білім орталықтары уақытша онлайн оқытады. Сонымен қатар Петропавл қаласындағы мектептерде де осындай әдіс қолданылып жатыр.