Қазақстандағы ғылым саласы кешенді қолдауды қажет етеді
Қазақстанда ғылым саласы кешенді қолдауды қажет етеді.
Қазір елімізде 23 мыңнан астам ғалым бар екен. Ал 90-жылдары олардың қатары 40 мыңға жуықтаған. Кейін көбі бизнеске бет бұрса, енді біразы шетел асқан. Ғылым және жоғары білім министрлігінің ресми мәліметі осындай. Соңғы үш жылда ғылым саласына 650 млрд теңге бөлінген. Статистикаға сүйенсек, 10 жылда бұл бағытқа жұмсалған қаражат жалпы ішкі өнімнің 0,13 пайызынан асқан емес. Енді жас ғалымдарды оқытуға ерекше мән беріліп жатыр. Бұған дейін елде ғылымның 96 саласы болса, алдағы уақытта олар біріктіріліп, 6 басым бағыт бойынша жұмыс атқарылады. Оның ішінде су шаруашылығы мамандарын даярлауға көңіл бөлінеді. Өйткені дәл қазіргі жағдайда мұндай кадрлардың тапшылығы айтарлықтай сезіліп отыр.
Графика:
Қазақ ғылымының әлеуеті
23 мың ғалым
3 жыл - ₸650 млрд
10 жыл - ЖІӨ 0,13%
96 сала
6 бағыт