Қызылорда облысында жаңа өсімдік жерсіндірілді
Қызылорда облысының Қазалы ауданындағы тұқымбақта Шығыс биотасы жерсіндірілді, деп хабарлайды 24KZ.
Топырағы тұзды өңірге қылқан жапырақты өсімдіктің бұл түрін бейімдеу үшін мамандар 5 жыл бойы тәжірибе жасаған. Арнайы зертханадағы тұқым талдау шараларынан кейін тәжірибелік алаңда бірнеше әдісті сынақтан өткізеді. Осылайша, Сыр өңірінің қатаң климотына төзімді тұқым сорты пайда болды. Қазір сол тұқымнан көктеген Шығыс биотасы ағашы жайқалып өсіп, биіктігі 1,5 метрге жақындады. «Жылдың төрт мезгілінде жасыл түсі өзгермейтін бұл әсемдік ағашын Қазалы ауданының орталығындағы аллеялар мен көше бойына егеміз», – дейді мамандар.
Жанар Болатқызы, тұқымбақ зертханашысы:
- Сексеуіл биік өспейді ғой бізде, мысалы, қарағаш тез құрттап кетеді ғой, қарағаш секілді биік өсіп, тез құрттамайтын, тал ретінде қарағаш пен қарасексеуіл тұқымын будандастыру арқылы бір нәтиже көргіміз келеді.