Отандық аграрлық ғылымда мәселе көп
Отандық аграрлық ғылымда қордаланған мәселе көп.
Ұлттық ғылым академиясының президенті Ақылбек Күрішбаев осылай дейді.
Табиғи қауіп-қатер кезеңінде аграрлық ғылымның рөлі бірнеше есе артады. Осы ретте, өкінішке қарай, елдегні аграрлық ғылым деңгейі көңіл көншітпей тұр. Ұлттық ғылыми академиясының президенті бес негізгі мәселені көтерді. Оның ішінде аграрлық саладағы кадр даярлығы, оларға берілетін гранттар мен жеңілдіктерді арттырған абзал.
Ақылбек Күрішбаев, ҚР Ұлттық ғылым академиясының президенті:
- Біздің қаржыландыру деңгейі басқа мемлекеттерден қарағанда, дамушы мемлекеттерге қарағанда 10 есе. Дамыған елдерге қарағанда 20-30 есе аз. 30 жылда қордаланған мәселені қазір президент шешуде. Қаржы жылдан жылға өсіп келе жатыр. Біз аграрлық жүйені басқаруды өзгертуіміз керек. Біз мына экономикамыздың саласының мұқтажына қарай, соның мүддесіне қарай жасауымыз керек. Әлемдік тәжірибе осы.