Германиядағы қазақстандық студенттер жергілікті компанияларда тағылымдамадан өтеді
Германияда білім алып жатқан қазақстандық студенттер жергілікті компанияларда тағылымдамадан өтеді.
Бұл жайында Неміс экономикасының шығыс комитеті өткізген кездесуде айтылды. Германияда кадр тапшылығы ең өзекті мәселенің бірі. Елде 2 миллиондай маман жетіспейді. Осыған байланысты жұмыс берушілердің көбі қызметкерлердің жалақысы мен жұмыс кестесін өзгерткен. Қазір неміс экономикасының шығыс комитетінде 400-дей компания тіркелген.
Камила Шапағатова, Берлин еркін университетінің студенті:
"Біріншіден, мен оқитын университет бағдарламасы тағылымдамадан өтуді қажет етеді. Екіншіден, бұл заман талабы. Сондықтан Германияның жетекші компанияларындағы жұмыс барысымен танысқым келеді. Кәсіпорындардағы өндірістің қалай ұйымдастырылғанын көрсем, кейін ол тәжірибені Қазақстанда қолданар едім."
Эдуард Кинсбрунер, неміс экономикасы шығыс комитетінің аймақтық директоры:
"Бұл ақысы төленетін тағылымдама. Жаңа технологиялармен жұмыс істейтін компанияларда түссе, студенттер үшін тамаша мүмкіндік болар еді. Үміткерлерге жасы не басқа да көрсеткіштер бойынша талап қойылмайды. Германиядағы жоғары оқу орындарының барлығы жақсы. Жас маман ретінде дұрыс таңдау жасау керек. Берлинше өнеркәсіп аз. Ал елдің оңтүстігі мен батысында оған қатысты қиындық болмауы тиіс."