Қызылордалық студенттер «Әскердегі бір күн» жиынына қатысты
Қызылордада жүзге жуық студент «Әскердегі бір күн» атты жиынға қатысты.
Олар сарбаздардың темірдей тәртіпке бағынған күнделікті тыныс-тіршілігімен етене танысып, әскери жаттығулар жасады. Жастардың бойында Отанға деген сүйіспеншілікті арттырып, әскери-патриоттық рух қалыптастыруды көздеген шара тағылымды кездесуге ұласты. Әскер сапын толықтыруға ниетті жастар кешқұрым алаулаған отты айнала отырып, аға буынның жауынгерлік әңгімесін тыңдады. Қарулы күштер ардагерлері, әкелер кеңесінің өкілдері, сала басшылары мен ұстаздар бас қосқан кеште салауатты өмір салтын ұстану, Отан алдындағы борышты өтеу тұрғысында тұшымды ой-пікірлер айтылды. Сарбаздар әскери әндер шырқап, сан қырлы өнер көрсетті.
Жақсыгүл Тоғанова, М.Мәметова атындағы педагогикалық жоғары колледж директоры:
- Таңғы ұйқыдан оянудан бастап әскери жаттығулар, әскери іс-қимылдар, қару жинау, төсек жинау қырымен, бір уақытта мерзімді киіну. Міне осының барлығы алғашқы әскери дайындық пәні негізінде нәтижеге бағытталған жоспарлы, жүйелі түрде іске асып жатыр.