Он бір мыңнан астам лагерь балаларды қабылдауға әзір
Елімізде 11 мыңнан астам лагерь балаларды қабылдауға әзір.
Биыл 3 миллионнан астам оқушы жазғы демалыспен қамтылады. Бұл жалпы оқушылардың 88 пайызын құрайды. Бұл туралы Оқу ағарту министрлігі мәлімдеді. Сонымен қатар өңірлерде жаңадан 5 сауықтыру орталығын ашу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Жалпы 2026 жылға дейін 50 жаңа орталық пайдалануға берілмек. Естеріңізге сала кетейік, уәкілетті мемлекеттік органдармен балаларды сауықтыру орталықтарының тізімі бүгінде бекітілген. Биыл алғаш рет лагерьлердің барлық түрі үшін бірыңғай талаптар әзірленді.