Білікті ұстаздар елордада бас қосты
Елордадағы «Q Talks» арнайы алаңында білім беру және өскелең ұрпақты тәрбиелеу мәселелері талқыланды, деп хабарлайды 24KZ.
Дәстүрлі шараға еліміздің барлық өңірінен білікті ұстаздар жиналды. Қатысушылар өздерінің бай тәжірибесімен бөлісіп, жетістіктерін көрсетті.
Дархан Ермаханұлы, «Білім-Инновация» МОФ президенті:
- Кез келген ұстаз, ата-ана, оқушы қатысады алады. Мысалы, бүгін Мәжіліс депутаттары да қатысып, өз басынан өткен құндылықтарға қатысты мәселелермен бөлісіп кетті. Сондықтан бұл – жас ұрпаққа қатысты құндылықтарды сөз жүзінде ғана емес, іс жүзінде қалай жүзеге асыруға болады деген ой.