Су басқан өңірлерде жазғы мектеп ашылады
Cу тасқынынан зардап шеккен аймақтарда жазғы мектеп ашылады.
Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Оқу-ағарту бірінші вице-министрі Наталья Жұмаділдаева мәлімдеді. Ол төтенше жағдай кезінде қашықтан оқуға көшкен 2,5 мыңнан астам білім мекемелерінде жазғы сабақтар өтетінін айтты. Сондай-ақ Ақтөбе, Атырау және Солтүстік Қазақстан облыстарының бірқатар мектептерінде оқушылар аралық және қорытынды аттестациядан босатылған.
Наталья Жұмаділдаева, ҚР Оқу-ағарту бірінші вице-министрі:
- 11-сыныптар үшін қорытынды емтихандар 28 мамыр-11 маусым аралығына жоспарланған. Аттестаттарды салтанатты тапсыру 12-15 маусым аралығында өтеді. Ал төтенше жағдай жарияланған өңірлерде оқушылар аралық және қорытынды емтихандардан босатылды. Оның ішінде Ақтөбе облысынан 9 мектеп, Атырау облысынан 3 мектеп және Солтүстік Қазақстан облысынан 5 мектеп бар.