Дүниежүзілік метрология күні аталып өтті
ЮНЕСКО аясында алғаш рет Дүниежүзілік метрология күні аталып өтті, деп хабарлайды 24KZ.
Мұндай бастаманы былтыр Қазақстан ұсынған еді. Іс-шараға әлемнің жетекші сарапшылары қатысып, метрология ғылымының болашағын талқылады. Мамандардың айтуынша, бүгінде бұл сала өнеркәсіптен бөлек, адамдардың өмір сүру сапасын жақсартуға, климаттың өзгерісімен күресте де септігін тигізеді. Еліміздің осы күнді БҰҰ деңгейінде ресми түрде атап өтуді ұсынуы да сондықтан, – дейді делегация өкілдері.
Шаофен Ху, ЮНЕСКО-ның жаратылыстану ғылымдары бөлімінің директоры:
- Мен ЮНЕСКО-ның Халықаралық метрология күнін құру және тану бастамасы үшін Қазақстанға алғыс айтқым келеді. Бұл біз үшін маңызды. Метрология ғылымдар – Технологиялық даму мен инновацияның негізі. Тұрақты дамудың онжылдығына кіргендіктен, метрологияны ілгерілету үшін барлық елдермен жұмыс істеуіміз керек. Соның арқасында технологиялық инновацияларды дамыта аламыз.