Қонаев қаласында өңірлік ІТ-хаб ашылды
Қонаев қаласында ІТ-хаб жұмысын бастады, деп хабарлайды 24KZ.
Бұл – «Astana Hub» басқаруындағы 14-ші өңірлік филиал. Аумағы 430 шаршы метрді алып жатқан қос қабатты ғимарат толықтай заманауи техникалық құралдармен жабдықталған. Оқушылар үшін арнайы робототехника кабинеттері бар. Мұнда инновациялық жобалар әзірленіп, IT-саласының қызметкерлері оқитын болады. Білікті мамандар жергілікті азаматтарға инвестиция тартуға және қаржылық есеп жүргізуге көмек көрсетеді. 1 маусымнан бастап фриланс мектебі құрылып, өзге де білім беру бағдарламалары жүзеге асырыла бастайды.
Аида Досова, «Astana Hub» халықаралық технопаркі өңірлік даму кеңсесінің директоры:
- Хабқа бүкіл адамдар келіп ІТ-саласында бағдарламалар өткізе алады. Стартап боламын деген адамдарға өз идеясын енгізуге болатын бағдарламалар бар және де әлеуметтік бағдарламалар да болады. Әйелдерге, 30 жастағы қыз-келіншектерге ІТ-саласында жұмыс істеуге болады.