Көкшетауда колледж кітапханашыларының семинары өтті
Көкшетауда колледж кітапханашыларының «Кітап шаһары-2024» республикалық семинары өтті.
Іс-шараға еліміздің түкпір-түкпірінен екі жүзге тарта кітапханашы және баспа ісінің мамандары қатысты. Олар оқу орындарын оқулықтармен және электрондық ресурстармен қамту әрі оларды автоматтандыру мәселелерін талқылады. Сонымен қатар, арнайы көрмеде, жиырмаға жуық отандық баспагер өзінің жаңа кітап басылымдарын ұсынды.
Әлия Сайдембаева, республикалық ғылыми-педагогикалық кітапхана директоры:
- Қазір оқырмандар саны жалпы республикада 289 мыңға артып отыр. Жылма-жыл қосалады деген үміттеміз. Оқушылар арасында түрлі акциялар жүргізіледі. Өз оқыған кітабыңды өзгеге сыйла және буккроссинг, одан кейін кітап акциялар, айлықтары. «Оқуға құштар колледж» бағдарламасы ендірілді 2022 жылы.
Нұртас Ахат, Ж.Мусин атындағы қазақ жоғары педагогикалық колледжінің директоры:
- Кітап насихаты бүгінгі күннің ең негізгі проблемасы. Әлем де осы трендке көшкен. Сондықтан, білімнің мазмұның, білімнің сапасын көтереміз десек, міндетті түрде кітаптың насихаты жүру керек. Кітапсіз білім болмайды. Қазақстандағы бүгінгі қатысып отырған, 18 баспаның өнімдерінің сапасын насихаттау. Яғни біз міндетті түрде шетелдік баспалардың өнімі емес, қазақстандық баспаның өнімдері ешбір шетелдік өнімнен кемес екендігін дәлелдеуге тырысып жатырмыз.