Министрлік ата-аналарға үндеу жасады
Ата-аналар балалардың қауіпсіздігіне ерекше жауапкершілікпен қарауы тиіс.
Оқу-ағарту министрлігі ата-аналарға үндеу жасады. Себебі жазғы демалыс басталды. Жаз мезгілі балалардың қауіпсіздігіне ерекше назар аударуды қажет етеді. Өткен жазда жазатайым оқиғалар көп болған. Сондықтан ведомство үндеуінде, балаларға жол қауіпсіздігі, бейтаныс адамдармен өзін-өзі ұстау ережелерін және су қоймаларына жалғыз баруға болмайтынын түсіндіру керектігі айтылды. Сондай-ақ көп қабатты үйлердің терезелеріне қорғаныс құралдарын орнату қажет.
Жолдас Батырхан, ҚР ОАМ балалардың құқықтарын қорғау комитеті төрағасының орынбасары:
- Ата-аналардан балалардан жол қауіпсіздігін, бейтаныс адамдармен өзін-өзі ұстау ережелерін және су қоймаларына жалғыз баруға болмайтынын түсіндірулеріңізді сұраймыз. Көп қабатты үйлердің терезелеріне міндетті түрде бұғаттағыз орнатыңыз. Қайғылы жағдайлардың алдын алуда ата-аналардың жауапкершілігі маңызды.