«Болашақ» төңірегіндегі дау: Гавриленко байланысқа шықты
Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек шу шығарған "Болашақ" стипендианты Валерия Гавриленкоға қатысты істі өзінің жеке бақылауына алды.
Бұл туралы ведомство жетекшісі бүгін журналистерге мәлімдеді. Министрдің сөзінше қазір Валерия Гавриленкомен қарызды төлеу жөнінде келісім жасалған. Яғни стипендия иегері өзінің берешегін толығымен өтейтін болады. Ал кепілгер болған тұлғалардан барлық талап алынып тасталады. Жалпы министрдің сөзінше, Қазақстан «Болашақ» бағдарламасы арқылы жылына 1 мыңға жуық отандасымызды шет елдерде оқытады. Соның 200-ге жуығы қойылған талаптарды орындамаған.
Саясат Нұрбек, ҚР Ғылым және жоғары білім министрі:
- Екі-үш күн бұрын Гавриленко толыққанды өз кінәсін мойындап, екі жақты келісім-шартқа қол қойды. Сол келісім-шарттың арқасында ол бүкіл ақшаны қайтаруға өз міндетін қабылдады. Енді жауапты тұлғаларға да біз бас прокуратура арқылы тиісті заңнаманың аясында бастадық.