Польша Сенаты қазақстандық студенттерді қолдауға дайын
Польша Сенатында қазақстандық студенттермен кездесу ұйымдастырылды.
Іс-шараға «Польша-Орталық Азия» Польша Республикасы Сенатының парламенттік тобының төрағасы Казимеж Клейна, Ғылым және жоғары білім Вице-министрі Анджей Шептицкий, Польшаның Ұлттық академиялық алмасу агенттігі (NAWA) директорының орынбасары Зофия Савицка, Қазақстанның Польшадағы бұрынғы елшісі, «Менің Қазақстаным» қауымдастығының төрағасы Владислав Соколовский және «Electrum Holding» технологиялық компаниясының Вице- президенті Гжегож Станиславский қатысты.
Өзінің кіріспе сөзінде Қазақстанның Польшадағы Елшісі Әлім Кирабаев екі ел арасындағы білім беру саласындағы ынтымақтастықты арттырудың және студенттік алмасу арқылы жүзеге асырылатын мәдени өзара іс-қимылды дамытудың маңыздылығын а назар аударды.
Польша сенаторы Казимеж Клейна Қазақстанның Варшавадағы Елшілігіне ризашылығын білдіріп, кездесудің бірегейлігін және поляк парламентарийлерінің қазақстандық студенттерге көмек көрсетуге дайын екендігін атап өтті.
Ғылым және жоғары білім вице-министрі Анджей Шептицкий өз кезегінде қазақстандық студенттер шетелдік студенттердің саны бойынша 10 тобының қатарына кіретінін мәлімдеді.
Сондай-ақ жоғары білім беруді интернационалдандыру өз ведомствосының негізгі бағыттарының бірі болып табылатынын атап өтті. Сондықтан жуық арада Польшада шетелдік студенттерге арналған жаңа стипендиялық бағдарламаның іске қосылатынын жариялады.
NAWA директорының орынбасары Зофия Савицка Польшада жүзеге асырылған Digital Ambassador бағдарламасы туралы баяндап, студенттерді халықаралық білім беруді ілгерілетуді көздейтін осы бастаманы жүзеге асыруға қатысуға шақырды.
Іс-шара барысында Польшаның әртүрлі қалаларынан келген қазақстандық студенттер Польшаның жетекші жоғары оқу орындарында оқу барысы және болу елінде тұру туралы әсерлерімен бөлісті.
Іс-шараның қорытындысы бойынша қазақстандық студенттер Қазақстан Елшілігіне және Польша Сенаты Аппаратына Польшадағы жоғары білім берудің маңызды аспектілері туралы әңгімелесу мүмкіндігі үшін алғыстарын білдірді. Бірге суретке түсу кезінде шақырылған студенттерге Польша Сенатының бұрынғы төрағасы Томаш Гродски қосылды.