Өзбекстанда «Абай орталығы» ашылады

Өзбекстанда «Абай орталығы» және «Қазақ тілі бөлімі» ашылады, деп хабарлайды 24kz.

Екеуі де биыл қыркүйекте Шароф Рашидов атындағы Самарқанд мемлекеттік университетінде жұмысын бастайды. Бұл туралы Алматыдағы Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде өткен «Науаи мен Абай: жалпыадамзаттық құндылықтар сабақтастығы» халықаралық форумында белгілі болды. Әлемге әйгілі шайыр, өзбек халқының сүйікті перзенті, ойшыл Әлішер Науаиды қазақтың данышпаны Абай ұстаз тұтып, шығыс мектебін үлгі еткені әдебиет тарихынан белгілі. Екі ғұламаның арасындағы рухани байланыс өте терең. Бұл екі ел арасындағы достық, мәдени қарым-қатынасты одан әрі нығайтуға, ойшылдардың мұрасын жастарға кеңінен насихаттауға, дәріптеуге негіз болып отыр», - дейді ұйымдастырушылар. Форум аясында педагогикалық университетте Науаи орталығы ашылып, Науаи оқулары, шығыс мотивтері көрініс тапқан сурет көрмесі ұйымдастырылды.

Болат Тілеп, Абай атындағы ҚазҰПУ ректоры:

- Өзбекстан Республикасында 3млн-нан астам қандастарымыз тұрады. Қазіргі таңда ол жақта 100-ден астам қазақ мектептері бар. Осы орайда сол жердегі халықтардың біздің университеттің қабырғасында оқыту мәселесі ғана емес. Қазіргі таңдағы жоспар

біздің университеттің Өзбекстан Республикасындағы осы өңірлерде, қазақ қандастарымыз көп шоғырланған өңірлерде университетіміздің болашақта филиалын ашу.