Ақмола облысында «Жайлы мектеп» аясында 18 білім ордасы салынып жатыр

Ақмола облысында «Жайлы мектеп» аясында 18 білім ордасы салынып жатыр

Ақмола облысында «жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында 18 білім ордасы салынып жатыр.

Оның тоғызы жыл соңында ел игілігіне беріледі. Мың жарым орынға арналған сондай мектептің бірі облыс орталығындағы «Сарыарқа» шағын ауданында бой көтеруде. Өңірге жұмыс сапарымен барған Мәжіліс депутаттары оқу ошағының құрылысымен танысты. Білім сапасын арттыру мәселесін талқылады. «Бірінші кезекте тұрып қалған құрылыстарға басымдық беріп, қаржыландыруды көбейту қажет» деген депутаттар алдағы уақытта осы мәселелерді шешуге күш салатынын жеткізді.

Наталья Дементьева, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

- Иә, жоспарымызда бар. Осы мәселелерді білеміз. Алайда біз жақсылап түсінуіміз керек. Енді осы су тасқынына байланысты, осындай жағдайлар болады ғой аяқ астынан пайда болып жатқан. Мемлекет тарапынан осы мәселелер ел Президентінің назарында. Сондықтан біз осы мәселелерді өз бақылауымызға алып, шешуге тырысып отырамыз.