10 мыңнан астам талапкер грантқа құжат тапсырды

с

Ғылым және жоғары білім министрлігінің мәліметінше, ең көп өтініш «педагогикалық ғылымдар» мен инженерлік, өңдеу және құрылыс мамандығына түскен. Жалпы білім беру грантын тағайындау конкурсына өтінім қабылдау кеше басталды. Ол 24 шілдеге дейін жалғасады. Биыл құжат тапсыру eGov арқылы онлайн және қабылдау комиссиясы арқылы офлайн форматта жүргізіліп жатыр. Талапкерлерге оқуға түсу үшін жеке куәлік, тестілеу сертификаты, орта білім туралы аттестат және өзінің 3-те 4 суреті қажет.