Қазақстандық оқушылар халықаралық екі олимпиададан жүлделі оралды

Мектеп оқушылары екі бірдей халықаралық олимпиададан жүлделі оралды.

Оның бірі Ұлыбританияның Бат қаласында математикадан, екіншісі Грузияның Кутаиси қаласында физикадан өтті. Қатысушылардың айтуынша, білім сайысы тартысты болған. Математика олимпиадасының өзіне әлемнің 100 елінен 600-ге жуық оқушы қатысқан. Ал физика пәні бойынша өткен додаға 55 мемлекеттен 250 бала келген. Қазақстандықтар төрт медальға ие болды. Оның екеуі алтын, екеуі қола. Жеңімпаздардың қатарында Алматы, Астана, Қарағанды және Атырау қалаларында оқитын дарынды жасөспірімдер бар.

Әмірлан Аманжолов Ұлыбританияның Бат қаласында өткен математика олимпиадасынан күміс медальмен оралды. Қазақстан атынан Алматы, Павлодар, Тараз және Қостанайдан алты оқушы қатысқан. 

Ұлыбритания, Бат

BERMATEMATIKA.COM (YOUTUBE)

Солардың ішінен Әмірлан жоғары нәтиже көрсеткен. Биыл ол Алматыдағы республикалық физика-математика мектебінің 11- сыныбына көшті. 

DEDEKIND CUTS (YOUTUBE)

Олимпиада талабы бойынша қатысушы алгебра, сандар теориясы, комбинаторика және геометрия бойынша 6 есептің қалыпты емес шешімін табуы керек. 

АЛМАТЫ

Әмірлан Аманжолов, республикалық физика-математика мектебінің 11-сынып оқушысы:

- Ол жерде біз шығарып көрмеген есептер береді. Шынымды айтсам, ондай есептерді біздің мұғалімдер үйретпеген. Бірақ күрделі болғанымен мен үшін қызық болды. Шешімі қандай болады екен деп, тезірек шығаруға тырыстым. АҚШ, Қытай және Канададан келген балалар білім бәсекесін қыздыра түсті. 

Бекасыл Елубай физика-математика бағытындағы Назарбаев мектебінде білім алады. Биыл 12- сыныпқа көшті. 

MARKER PLAY (YOUTUBE)

Дарынды оқушы жақында Грузияда жоғары сынып оқушылары арасында өткен Еуропалық физика олимпиадасында күміс жүлдегер атанды. Бекасыл соңғы екі жылда мұндай шараларға тұрақты түрде қатысып келеді. Бұған дейін физикадан Азия олимпиадасында қола, ал Жәутіков олимпиадасында күміс медаль таққан.

Бекасыл Елубай, физика-математика бағытындағы Назарбаев ЗМ 12-сынып оқушысы:

- Екі тур бар. Біріншісі теоритикалық тур. Ол жерде бізге үш есеп беріледі. Теоритикалық біз оларды шығарамыз. Екіншісінде ол эксперименталды тур. Оған 20 балл, теоретикалық баллға 30 балл беріледі. Сол екі турдың нәтижесі бойынша оқушылардың баллдары анықталады. 50 баллдан 29,5 балл алдым. Бұл ең жоғарғы күміс болып шықты. Және алтын 01 балл жетпей қалды.

Бекасыл болашақта ғалым болсам, дейді. Физика ғылымын зерттеумен айналысқысы келеді. Оқытушылары да болашағынан үміт күтеді. Ерекше қабілеті бар, зерек бала дейді.

Серік Ақылбекұлы, Назарбаев ЗМ физика пәнінің мұғалімі:

- Таңдау жасалынады. Осы кезеңдік олимпиаданың бірі республикалық олимпиадалар. Сол олимпиадаға байланысты тізім жарияланады. Одан бөлек оқу жаттығу жиындары өтеді. Әр кезеңде іріктеу жүріп отырады. Мысалы, осы Азия олимпиадасына 8 оқушы барады. Ал Еуропа олимпиадасына 5 оқушы іріктеледі. Әр іріктеу кезеңінен бұл бала өте жақсы жетістіктер көрсетіп отыруы қажет. 

Ғылым бәсекесінің алғашқы баспалдағы – халықаралық пән олимпиадалары. Осыдан ғылымға еркін бойлайтын жастар қалыптасады. Мақсат, бағдарын анықтайды. Дарынды балалардың оқытушылары осылай дейді.

Қарлығаш Қайыпбекова, Радик Жакупов