Грузия мен Қазақстан археологтары қазба жұмыстарын жалғастыра алмай отыр

Грузияның Орозмани ауылынан табылған ежелгі адамдардың қонысы бірнеше жылдан бері қараусыз жатыр, деп хабарлайды 24KZ.

Әуелде арнаулы жоба құрылып, оған халықаралық мамандар тартылған еді. Оның ішінде қазақстандық ғалымдар да болған-тұғын. Бірақ, өкінішке қарай, бұл іс басталмай жатып тоқтап қалды.

2019 жылы археологтар Грузияның оңтүстік-шығысында байырғы тұрғындардың қонысын тапты. Ол жерде жасы 2 миллион жылдан асатын адамның қаңқасы мен жолбарыстың сүйегі көмілген екен. Бірақ 2022 жылы жақсы басталған жоба тоқтап қалды. Елдің Мәдениет министрлігі қазба жұмыстарына рұқсат бермей отыр.

Георгий Бидзинашвили, археологиялық экспедиция жетекшісі:

- Мына жерде сұмдық болып жатыр. Біз 2 миллион жыл бұрынғы адамдардың қонысын жойып жатырмыз. Көз алдымызда құрып барады. Шетелдік университеттерден мамандар шақыра аламыз. Бірақ оған мұрсат бермей отыр. Ұрпақ бізді кешірмейді.

Бастапқы жылдары қазба жұмыстары мамырдан қыркүйекке дейін қызу жүрді. Жазда халықаралық мамандар да тартылған. Қазір мұнда қазақстандық ғалымдар да жүр.

Рид Койл, Назарбаев университетінің профессоры:

- Мен Африкада ежелгі адамдар тіршілік еткен кезеңге қатты қызығамын. Біз өз университетімізде осы жерде қазба жұмыстарын жүргізуге 3 жылға грант ұтып алдық. Қазақстандық студенттерді тарттық. Бірақ бізге жұмыс істеуге мүмкіндік берілмей отыр.

Мирас Есмұратұлы, Назарбаев университетінің студенті:

- Орозмани сияқты ескерткіштер әлемде көп емес қой. Осы жерде жұмыс істеу – мен үшін үлкен мәртебе. Мен бұған дейін тек Қазақстанда жұмыс істегенмін. Осында келіп, төменгі палеололиттің не екенін білгім келді.

Археологтар: «осы жердің жоғарғы жағында ежелгі адам мен қасқырдың сүйектері жатыр», – дейді. Зерттеушілер оларды сақтау үшін барын салып әлек. Бірақ ғалымдар алда келе жатқан қыс жәдігерлерді бұза ма деп қорқады.

Авторлары: Ернат Мелсұлы, Юлия Тужилкина, Шалва Сурамелашвили.