Биыл он сегіз жекеменшік мектеп ашылды

Былтыр ел бойынша жекеменшік мектептерге 114 лицензия берілді.

Бұл мектептердің басым көпшілігі халық тығыз орналасқан аймақтарда ашылды.

Әсіресе халық саны қарқынмен өсіп келе жатқан Астана, Алматы, Шымкент қалалары мен Түркістан, Жамбыл және Маңғыстау облыстарында жекеменшік мектептер құрылысы қарқынды жүріп жатыр. Әрине бұл мектептердің көбеюіне мемлекеттік қолдау шаралары оң әсер етіп отыр.

Еркегүл Нәбиқызы алты жыл бұрын шағын орталық ашты. Жылдар өте кәсібін кеңейтіп, былтыр жекеменшік мектептің іргетасын қалады. Мектеп 250 балаға арналған. Бастауыш сынып оқушыларын оқытады. Әрине, мемлекет тарапынан қолдау болмаса, шағын орталық ашу да мүмкін емес еді дейді директор.

Еркегүл Нәбиқызы, жекеменшік мектеп директоры:

- Ең алғаш осы ашар кезде, шағын орталықтан бастаған кезде мемлекеттен қайтарымсыз 3 млн теңгені алып, соны құрал жабдықтарды алуға жұмсап, солай бастағанбыз. Мектепті ашқандағы мемлекеттен көрген тағы бір үлкен қолдау – жұмыссыздарды жұмыспен қамту бағдарламасы бойынша жастар практикасы бар, әлеуметтік қызметкер, «Күміс жас» деген программа бар. Сол программа арқылы біз ұстаздарды, жалпы қызметкерлерді қабылдадық. Бұл жерде мемлекет тарапынан ол адамдарға әлеуметтік пакет төленіп отырады. Сол бізге үлкен жеңілдік болып отыр.

Бүгінде ел аумағында 725 жекеменшік мектеп бар. Бұл мектептерде 260 мыңға жуық оқушы білім алады. Оқу ақысының бір бөлігін мемлекет өтейді. Өз кезегінде мемлекеттік тапсырыс жекеменшік білім ошақтарының көбеюіне септігін тигізіп отыр. 

Айгерім Ашықбаева, ҚР Оқу-ағарту министрлігі орта білім беру комитетінің баспасөз хатшысы:

- Тек мемлекеттен көрсетілетін қазіргі таңда негізгі қолдау, бұл мемлекеттік, жаңағы балаларды, әрбір балаға төлейтін қаражатты айтуға болады. 2023 жылы 614 мектеп пен 230 мың балаға жаңағыдай мемлекеттік тапсырыс берілсе, осы жылдың тамызына дейін бұл көрсеткіш өскен. Яғни 314 мектеп емес, қазіргі таңда 2024 оқу жылына таман 670 жеке мектеппен мемлекеттік тапсырыс берілген. 2023 жылы мемлекеттік тапсырыс бойынша республикалық бюджеттен 133 млрд теңге ақша бөлінген.

Биыл 18 жекеменшік мектеп жұмысын бастады. Ал кейінгі он жылда елде 614 мектеп тұрғызылған. Соның арқасында 230 мың орын ашылды. Аталған білім ордалары мектептегі орын тапшылығын азайтуға септігін тигізіп отыр дейді мамандар. 

Нұрқанат Қанапия, Ерлан Наурызбаев