Жамбыл облысына 85 жыл: Таразда халықаралық конференция өтті
Биыл Жамбыл облысының құрылғанына 85 жыл толды. Мерекелік датаға орай өңірде түрлі шаралар өтіп жатыр. Солардың бірі – «Талас – ұлы өркениеттер тоғысында» атты халықаралық конференциясы. Ғылыми-тәжірибелік жиында еліміздің ғалымдары мен шетел мамандары бас қосып, тың деректерімен бөлісті.
Ғылыми-тәжірибелік конференцияға Түркия, Жапония, Қырғызстан мен ұлтық ғылым академиясының ғалымдары қатысты. Тарихшылар Талас жазуларының түркі өркениетінің бастауы тақырыбында баяндама жасап, Тараз топырағының Қазақ хандығында алар орны жайында әңгіме өрбітті. Ғалымдар өңірдегі тарихы жәдігерлердің маңызына да тоқталды.
Ербол Қарашөкеев, Жамбыл облысының әкімі:
- Мұндай ағартушылық іс-шаралар жастардың ел тарихын танып, әрі қарай келешек ұрпаққа мұра етіп қалдыратыны анық. Тараз тарихи маңызын ешқашан жолғалтпайды. Бүгінгі конференция арқылы тарих жаңа деректермен толығады деп сенемін.
Жамбыл жері өркендеу мен құлдырау, жойқын соғыстар мен қайта өрлеу кезеңдеріне куәгер. Мәселен, 751 жылы Талас өзені бойында болған Атлах шайқасы халықтың дін мен ділін айқындап берді деуге болады. Академиктер: «Осы сынды тарихи оқиғаларға аса мән беру керек», – дейді.
Дария Қожамжарова, тарих ғылымдарының докторы, профессор:
- Бұл шайқастың негізінде бұрынғы Қазақ хандығы қазіргі Тараздың діңгегін сақтап қалды. Біз жаңа көзқарастарменен ашылмаған сырлары көп Таразды қолға алуға тиістіміз.
Ғалымдар Қаратау сілемдері тек қазақ емес, алғашқы адамдардың қонысы болғанын дәлелдеп отыр. Мәселен, қазақ-герман экспедициясы Ақтоғай үңгірінен алғашы адамдардың тас құралдарын тапқан. Биыл археологтар сол мекенде 23 мың жыл бұрын адамдар қонысы болғанын дәлелдеді.
Жәкен Таймағанбетов, Ұлттық ғылым академиясының академигі:
- Геологтар бар геморфологтар дәлелдеген кезде мына Билікөл өзені бар, одан кейін Ақкөл бар, бұрын бір көл болған. Осы көлдің жағасында адамдар өмір сүрген. Жамбыл облысы енді ол миллион жылға дейін бар. Ал бірақ тас құралдар жердің бетінде жатыр. Бізге қазір ең маңызды мәдени қабаты бар тұрақтарды табу керек.
Конференция қорытындысы бойынша баяндамашылардың еңбегі кітапқа біріктіріліп, басылып шығады. Мерейтой қарсаңында «Жартас жауһарлары» кітабының тұсауы кеселді.
Авторлары: Мерей Бает, Тимур Сейілхан.