Академик Рәбиға Сыздықтың туғанына 100 жыл толды

Биыл көрнекті ғалым, филология ғылымдарының докторы, профессор, академик, Рәбиға Сыздықтың туғанына 100 жыл толды.

Рәбиға Сәті-ғалиқызының негізгі ғылыми еңбектері, қазақ тілінің тарихы мен грамматикасы, тіл мәдениеті мәселелеріне арналған. Мерейтой аясында Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетіне жиналған мамандар, ғАлымның мұрасын талқылады. Ол қазақ жазба әдебиетінің негізін салуда, Абай шығармаларының ықпалы зор болғанын дәлелдеді. Ғалым «Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі», «Қазақ тілінің орфографиялық сөздігі», «Абай тілінің сөздігін» жазуға қатысты. Оның «Абай шығармаларының тілі», «Абай өлеңдерінің синтаксистік құрылысы», «Сөздер сөйлейді», «Сөз сазы», «Қазақ тілі әдістерінің негізгі мәселелері» сияқты, ондаған еңбегі жарық көрді. Жалпы 130-дан астам ғылыми еңбегі бар. Есімі Қазақстан Республикасының Алтын кітабына енгізілген. Іс-шараға қатысушылар академик Рәбиға Сыздықтың ғылыми еңбектерін дәріптеу мәселесін де көтерді.

Қалбике Есенова, филология ғылымдарының докторы:

- Рәбиғаны Рәбиға еткен үш түрлі қасиетін ерекше айтқым келіп отыр. Бірінші ол кісі өте намысшыл қайсар жан еді. Қайсар намысшыл болуы да заңдылық. Өйткені халық жауының қызы атанған кезінде. Екінші бір қасиеті адалдықты өмірлік кредосына айналдырған ғалым. Ол ғылымға адал болды. Үшінші бір қасиеті өте турашыл жан еді. Қара қылды қақ жаратын турашыл мінез еді. Осындай мінез еді оны биікке көтерген.