Су саласының 450-ден астам маманы біліктілігін арттырды
Елде су мамандықтарында оқитын жастардың қатары артып келеді, деп хабарлайды 24KZ. Биыл бакалавриатқа 500-ден астам студент қабылданған. Бұл былтырғымен салыстырғанда екі есе көп. Су ресурстары және ирригация министрлігінің ресми мәліметі осындай.
9 жоғары оқу орнымен жасалған меморандум нәтижесінде «Қазсушар» кәсіпорнында 80 студент өндірістік тәжірибеден өткен. Сонымен қатар биыл су саласының 450-ден астам қызметкері біліктілікті арттыру курстарына қатысты. Соның ішінде Орталық Азиядағы аймақтық экологиялық орталығының қолдауымен Шу-Талас, Арал-Сырдария бассейндік инспекцияларының мамандары трансшекаралық өзендердегі су ресурстарын басқару бойынша тәжірибесін молайтты.