Алматыда студенттерге арналған ресурстық орталық ашылды
Алматыдағы техникалық және технологиялық колледждер бизнес және өндіріс орындарымен байланысты нығайтады.
Бұл кәсіптік білімнің сапасын жақсарту үшін жасалып отыр. Осыған орай мегаполистегі колледжердің бірінде, инвестициялық жоба жүзеге асып, ресурстық орталық ашылды. Онда студенттер инженерлік жүйелерді орнатудың заманауи технологияларын үйренеді. Сантехникалық құралдар мен жабдықтарды құрастырудың модульдік әдістерін меңгереді. Соңғы үш жылда оқу орнының материалдық-техникалық базасы жаңартылып, құрылыста қолданылатын жаңа технологиялар енгізілді. Еске сала кетейік, Президент 2025 жылды "Жұмысшы мамандықтары" жылы деп жариялаған. Осы уақыт ішінде техникалық және кәсіби білім беру жүйесін реформалау қажеттігін айтты.
Бектұрған Ахметов, колледж директоры:
- Лазерлік дәнекерлеу станогін алдық. Және де біздің оқушыларымыз үш жылдан бері әлемдік жарысқа қатысып, әлемдік жарыстағы дәнекерлеуге арналған аппаратты жақында өзімізде қойып, сонымен дайындауды бастадық.