Ректорлық корпустың 50%-тен астамы жаңартылды

Елде ректорларды конкурс өткізу арқылы тағайындаудың жаңа жүйесі енгізілді. Ректорлық корпустың 50%-дан астамы жаңартылды.

Шетелдік жетекші жоғары оқу орындарының түлектері, «Болашақ» бағдарламасының стипендиаттары арасынан жас басқарушылар келді. Академиялық басымдық орталықтарын құру бойынша шаралар қабылданды. Алдағы уақытта 7 Жоғарғы оқу орны Академиялық басымдық орталықтарын құру үшін 2025-2027 жылдарға арналған ғылыми зерттеулерді бағдарламалық-нысаналы қаржыландыруға арналған конкурстарға қатысады. Қаныш Сәтбаев университеті базасында инженерлік білім мен ғылымдағы жаңа технологиялардың ғылыми-зерттеу хабын құра отырып, 2022-2026 жылдарға арналған даму бағдарламасы әзірленді. Бес жоғары оқу орнына зерттеу университеті мәртебесі берілді.