Оралдық оқушылар үшінші тоқсанды жаңа «Жайлы мектепте» бастады

Оралдық оқушылар үшінші тоқсанды жаңа «Жайлы мектепте» бастады, деп хабарлайды 24kz.

Деркүл ауданында ұлттық жоба аясында қолға алынған 1500 орындық жаңа білім ордасының құрылысы аяқталды. Жаңа ғимаратта барлығы заманауи стандарттарға сай жасақталған. 78 оқу кабинетіне интерактивті тақталар, зертханалар бар. Дәстүрлі кітапхананың орнына ақпараттық орталық пен коворкинг аймақтары ашылды, Сондай-ақ спортпен шұғылдануға арналған 4 зал жұмыс істейді. Мұнда оқитындардың басым бөлігі үш ауысымда оқыған №49 мектептен ауыстырылды. Оқу процесімен Парламент Мәжілісінің депутаты Снежанна Имашева танысты.

Снежанна Имашева, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

- Осындай ірі жобаларды, олардың құрылысын, олардың мерзімінде салынуын «Amanat» партиясы бақылауда ұстайды. Жалпы енді жылдың басында Президент «Ана тілі» газетіне берген мақаласында айтты. «Біз әлеуметтік мемлекетпіз, сондықтан осындай әлеуметтік нысандарға көп назар бөлеміз», - деді. Қазіргі уақытта 200-ден астам осындай «Жайлы мектеп» республика бойынша салынуда.