Алматыда педагог мамандарды даярлау бағыттары талқыланды

Педагог мамандарды даярлауда тәжірибеге басымдық берілуі тиіс. Жоғары оқу орындарындағы жаңа инновациялық білім бағдарламасы аясында енді болашақ ұстаздар мектептерде тәжірибеден өтуге көп уақытын арнайды.

Бұл туралы Алматыда өткен «Білім беру стратегиялары: Болашақ кадрларды даярлау» атты форумда айтылды. Форум қоғам қайраткері, ғалым Серік Пірәлиевті еске алуға арналды. Жиынға қатысушылар студенттерді оқытудың психологиялық-педагогикалық және әдістемелік аспектілерін де талқылады. Білім беруді цифрландыру, жасанды интеллектіні пайдалану бағыттарын ортаға салды. Ресей, Өзбекстан, Әзербайжан, Оңтүстік Корея елдерінен келген басқосу қатысушыларының қатарында Нобель сыйлығының лауреаты, профессор Оңтүстік Кореядан арнайы келген Рае Квон Чунг та бар.

Болат Тілеп, Абай атындағы ҚАЗҰПУ басқарма төрағасы-ректор:

- Бұл жерде, әрине, ең үлкен мәселе – бұл мектептермен үнемі байланыс мәселесі. Осы ретте біз биылдан бастап бітіруші курс студенттерін егер бұрын небәрі 2-3 айға тәжірибеге жіберетін болса, мектептерге, биыл біз бір жыл, сегіз айға, яғни, бір оқу жылы студент мектеп қабырғасында тәжірибеден өтеді. Және сол тәжірибенің нәтижесінде келіп диплом қорғап, өз дипломын алып жатыр. Біз енді одан үлкен нәтиже күтеміз.